Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өсетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өсетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерін Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 пайызға, ынтымақты зейнетақыны — 9 пайызға, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға жоғары көтеру көзделгені хабарланды. «Бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ-дан төлемдерді есептемегенде) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы — 120 838 теңге) болады», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жылдық кезең ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең көбі 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60-тан 65 пайызға дейін артады, бұл — 28 215 теңге, ең жоғары мөлшері — ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100-ден 105 пайызға дейін, бұл 45 578 теңге болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды арттырудың кейбір мысалдары: Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша төлемдер 7 пайызға өседі. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша төленеді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz


