172 Арман

Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Жомарт жұма» қайырымдылық акциясы аясында студенттерге дастарқан жайылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Нұр-Мүбарак» университетінде оқитын үздік 30 студентке жұма дастарқаны жайылып, Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев «Білім – ер азығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ер азаматтың қоғамдағы маңызды рөлі мен бүгінгі таңдағы білім алудың өзектілігі жайында сөз қозғалды.

Жұма дастарқанынан дәм татып, әсерлі уағызға қаныққан шәкірттер ризашылығын білдірді.
Источник: dknews.kz

