үй Қазақстан жаңалықтары Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

71
0

397 Awrora

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Фотосурет: Gov

Қарулы күштерде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған шаралар өттіы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін, 24 желтоқсанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 113 жыл толды.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Барлық гарнизондарда аты аңызға айналған батыр, талантты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлын еске алу шаралары өтті.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, атақты қолбасшының келіні Зейнеп Ахметованың, кітап авторы, «Кәусар» балалар орталығының директоры Диран Бердімұрат пен меценат Дидар Құйқабаевтың қатысуымен тақырыптық кеш өтті.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Аталмыш шара батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Зейнеп Ахметованың қатысуымен мектептің фойесінде Баукең бейнеленген барельефті қабырға ашылды.

Жасұландықтар Зейнеп Асқарбекқызының Бауыржан Момышұлы жайлы естелік әңгімелерін тыңдады. Олар батырдың соғыс туралы естеліктерінен үзінділер оқып, оның шығармалары мен қаһарман туралы фильмдерден қойылымдар көрсетті.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Демалыс күндері Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлерінің қатысуымен жеке құраммен тақырыптық кездесулер, «Бауыржан Момышұлы» көркем фильмі көрсетілді.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Кітап көрмелері ашылып, Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітабы талқыланды, бұл кітаптың негізінде бүгінде жоғары оқу орындарында офицерлерді даярлау жүргізілуде.

Бауыржан Момышұлы: әскери мұра және жаңа ұрпақты тәрбиелеу

Жалпы білім беретін оқу орындарында «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының батыры, ұлы қолбасшы» атты ерлік сабақтары өткізілді. Гарнизондарда әскери қызметшілердің балалары арасында аңызға айналған әскер басшысы туралы үздік сурет салу және эссе жазу байқаулары ұйымдастырылды.

Источник: dknews.kz