үй Қазақстан жаңалықтары Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

76
0

169 rob

Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

Фотосурет: Астана әкімдігі

Елордалық волонтерлер тұрғындарға үйдің маңындағы қарды күреуге көмектесуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

«Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады. Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді», — деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.

Елордалық еріктілер қарт азаматтарға көмекке келеді

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.

Источник: dknews.kz