үй Қазақстан жаңалықтары Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

98
0

210 rob

Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов бастаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының бастамашыл тобы аға буынмен жүздесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

Генерал-майор Қайрат Үмбетов Астана қаласы әкімдігінің Шарапат әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тұрақтаған үлкен кісілерге денсаулық пен амандық тіледі. Мекеменің директоры Ардақ Сейітова қонақтарды орталықтағы азаматтармен таныстырып, олардың тұрмыстық жағдайлары жайлы баяндады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан және өз атымнан «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығы мен ұжымын, сондай-ақ орталықтың барлық қызмет алушыларын келе жатқан 2024 жылмен құттықтаймын! Сіздерге еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз Қайрат Үмбетов

Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

Бұдан әрі елордалық ұландықтар Ұлттық ұлан Ән-би Ансамблінің шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік құттықтау ұйымдастырды.

Айта кетейік, концерттік бағдарлама басталар алдында Қайрат Үмбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан Орталық мұражайына сыйлық табыс етті.

Мерекелік шабыт: елордалық ұландар мен аға ұрпақ бірге

Өнерпаздар Менің достарым, Іңкәрім-ай, Песни наших отцов, Бақыт құсы сияқты әндерді орындады. Орталықтағы жандар ұландықтарға көңіл бөліп, қамқорлық танытқандары үшін алғыс білдірді.

Источник: dknews.kz