үй Қазақстан жаңалықтары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

90
0

212 rob

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге басымдықтарды айқындауға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, аумақтық департаменттердің басшылары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өз баяндамасында 2022 жылы іске асырыла басталған маңызды жобаларға ерекше назар аударды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

«Біздің атқарған жұмыстарымыз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді толыққанды жүзеге асыру және халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру бағытында жүргізілді» Дархан Жазықбаев

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету мақсатында ЖОО-ның үздік түлектерін аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындау, мемлекеттік қызметшілерді тоқсандық бағалауға көшу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Агенттіктің мемлекеттік органдардың стратегиялық HR-әріптесіне айналу мәселесі көтеріліп, ол үшін рекрутинг (үміткерлерді іздеу және таңдау), талант-менеджмент (іріктеу, бағалау және персоналдың әлеуетін дамыту), ассесмент (құзыреттерді бағалау) пен өзге де жаңа құралдарға ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтылды. Агенттік кадр саясатының тиімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке «кіруден» бастап зейнетке шыққанға дейін сүйемелдейтін болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Агенттік төрағасының айтуынша, HR-стратегияның тағы да бір маңызды құралы – ол кадр құжаттамасын цифрландыру. Мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруді цифрландыру – «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы жүзеге аспақ. Бүгінде мемлекеттік қызметке үміткерлерге онлайн режимде іріктеуден өтуге мүмкіндік беретін жүйенің сыртқы порталы әзірленіп бітті, биыл 1 наурыздан бастап пилоттық сынақтан 5 мемлекеттік органда өтеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Дархан Жазықбаев өз баяндамасында, 2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізілетіндігін айтып, өңірлерге талантты жастарды тарту мақсатында республиканың барлық аймақтарында өңірлік резервтер құру жоспарына да тоқталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

МҚІА басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мәселесін айта келе, Агенттіктің 2022 жылы қызмет алушылардың құқықтарын проактивті түрде, олардың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жасау арқылы құқық бұзушылық болған жағдайда заңдылықты орнату жұмысын ерекше атап өтті. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде өңірлерде негізсіз бас тарту және толық жауап жолдамау фактілері анықталып, 124 қызмет алушы құқығы қорғалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Агенттікпен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бағытында денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында талдау жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған 183 ұсыныс әзірленді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын үнемі жетілдіріліп отыру – Агенттіктің басты назарында. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмысында бұзушылықтардың профилактикасына үлкен мән беріледі. Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің санының  төмендеу тенденциясы атап өтілді. 2021 жылмен салыстырғанда былтыр қозғалған істердің саны 29%-ға азайған. Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуын реттеу мониторинг жүргізу арқылы іске асырылмақ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады

«Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшеюде. Мемлекеттік қызметтегі ең басты ұстаным –  «пайда ойлама, ар ойла» принципіне негізделуі қажет. Мемлекеттік қызмет халықтың қажетіне бағдарланып, толықтай сервистік сипатқа көшкенде, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық» Дархан Жазықбаев

Источник: dknews.kz