үй Қазақстан жаңалықтары Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

171
0

188 Awrora

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкенттік әскери қызметшілер акцияны қолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шымкент гарнизонының әскери қалашығы мен 35748 әскери бөлімінің аумағында «Он бес игі іс» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оған отбасыларымен бірге әскери қызметшілер мен әскери қалашық тұрғындары қатысты.

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

Құрғақ шөптерді жинау, аумақтарды қоқыстардан және қураған бұталы өсімдіктерден тазарту, ғимараттарды сырлау, ағаштарды әктеу, жиектастарды бояу және тағы басқалар – сенбілік шеңберінде тазалық пен жайлылықты қалыптастыруға ықпал ететін жұмыстардың дәстүрлі тізімі.

Тазалау және көгалдандыру жұмыстарын өз бақылауына алған гарнизон бастығы полковник Әмірқожа Айтқожин қалашық пен әскери бөлімнің секторларға бөлінген аумағын аралап шығып, абаттандыру бойынша қосымша жұмыстардың қажетті көлемін анықтап тапсырмаларды қойды.

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

 Сенбілік — әскери қалашық пен әскери бөлімнің тұрғындары үшін тазалықтың, тәртіптің және жақсы көңіл-күйдің дәстүрлі мерекесіне айналған. Осы мерекеге қатысушылардың барлығы ортақ күш-жігермен үй маңындағы аумақты тез ретке келтіруге болатындығын жақсы түсінеді. Сондықтан көптеген әскери қызметшілер отбасыларымен бірге шықты.

«Әскери қызметшілер мұндай іс-шаралардан ешқашан шетте қалмайды. Үйімізді таза және әдемі ету үшін бүгін біз отбасымыздың барлық мүшелерімен сенбілікке шықтық. Біз өз мысалымызбен балаларды еңбекке баулимыз. Бұл біздің сүйікті ауламызды таза етіп қана қоймай, отбасымызбен және әріптестерімізбен ашық ауада уақыт өткізуге тамаша себеп» Майор Ержан Сабырбекұлы

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

Әскери қызметшілер еңбек құралдарымен қаруланып, әскери бөлім ғимараттары мен әскери қалашық үйлерінің айналасын тазартты. Олар ағаштардың діңгек шеңберлерін өңдеп әктеді, гүлзарларды алдағы гүл отырғызуға дайындады. Ең кішкентай көмекшілер үшін арнайы тәттілер үстелі ұйымдастырылып, әр балаға сусындар мен тәттілер таратылды.

Шымкенттегі әскери отбасылар сенбілікке белсенді қатысады

Тазалық мерекесінің соңында әскери қызметшілер отбасыларымен бірге көшет отырғызды. 

Источник: dknews.kz