үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

94
0

3421 rob

Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ ұйымдастырған Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілдердің үшінші отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

Ә. Бақаев іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қатар Мемлекетіне алғыс білдіріп, еліміздің Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Бұл ретте Астана БҰҰ-ның жетекші рөлін табанды түрде қолдайтыны және өңір елдерінің Ауғанстан проблемалары бойынша халықаралық күш-жігерге қатысуын құптайтыны атап өтілді.

Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдау жөніндегі бастамалары

Сондай-ақ конференция аясында Ә. Бақаев БҰҰ Бас хатшысының саяси және бейбітшілік істері жөніндегі орынбасары Розмари Дикарломен, АҚШ-тың арнайы өкілі Томас Уэстпен, Еуроодақтың арнайы өкілі Томас Никлассонмен, UNAMA басшысы Роза Отынбаевамен, Ауғанстан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан делегацияларының басшыларымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ұстанымы айтылды, сонымен қатар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөніндегі халықаралық және өңірлік деңгейдегі бірлескен күш-жігер бойынша «сағат теңестірді».

Источник: dknews.kz