1166

Фотосурет: Gov
Қазақстан «Navruz Youth World Festival» атты бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараға 26 елдің делегаттары, соның ішінде Қазақстанның белсенді жастары мен волонтерлері қатысуда.

Халықаралық фестиваль мәдени алмасуды дамытуға, Наурыз мейрамын жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған. Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелері қарастырылып, жастар саясатының негізгі міндеттері талқыланды.

Фестивальдің әр күні Тәжікстанның түрлі қалаларында өтеді. Іс-шара Душанбе, Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларында ұйымдастырылады.

Бағдарламада білім беру және пікірталас алаңдары, стартап зертханалары, спорттық жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шаралар бар.
Navruz Youth World Festival Мәдениет Халықаралық ынтымақтастық жастар фестивалі Наурыз
Источник: dknews.kz






