үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

227
0

3861

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Фотосурет: Аkorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың алғашқы кешенін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Аталған жоба – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі. Бұл жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияның елімізде ашқан бірінші кәсіпорны.

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Өндірістік база Шу қаласындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Кәсіпорын гондола, күпшек, мұнара сияқты жел электр стансасына қажет бөлшектерді шығарады. Жобаны жүзеге асыру еліміздегі жаңа электр стансаларының құрылысын қамтамасыз етіп, «жасыл» энергетиканың дамуына зор үлес қосады.

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Қазақстан мен Қытай жел энергетикасына арналған алғашқы компоненттер зауытын ашты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дин Сюэсян ҚХР

Источник: dknews.kz