үй Қазақстан жаңалықтары Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылысын тексерді

Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылысын тексерді

69
0

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің және оған іргелес тоннельдердің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнату жұмысы аяқталды. Алдағы кезеңде бейнебақылау, дауыс хабарлау жүйесі, өрт және күзет дабылдарын монтаждау жоспарланған. Оң жақ тоннельде қазу жұмысының негізгі бөлігі аяқталды. Бекет аумағында монолитті құрылымдар бойынша жұмыс соңғы кезеңде. Сонымен қатар әрлеу, коммуникациялар тарту және жабдықты орнатуға дайындық жүріп жатыр. Құрылыс тәулік бойы жүргізілуде, нысанда 478-ден астам маман жұмыс істейді. Әкім жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет екенін айтты.


      Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылысын тексерді

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz