66 Арман

2022 жылғы 29 – желтоқсан Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығының қорытындылары мен Қазақстанның жаңа реформаларына арналған семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.





Іс-шараға Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің мүшелері, Грузияда жұмыс жасап жатқан ҚР компанияларының өкілдері мен азаматтары, БАҚ өкілдері қатысып, Қазақстандағы жаңа саяси және экономикалық реформалар барлық өзара тиімді салаларда қазақстан-грузин қатынастарын болашақта тың жобалармен жандандыратынына сенім білдірді.





Іс-шара соңында Қазақстан мен Грузия арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлестері, сондай-ақ 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстанда болған қайғылы оқиғалар кезінде Грузияда уақытша қалып қойған ҚР азаматтарына көрсеткен көмектері үшін бірқатар компаниялар мен еріктілер Алғыс хаттармен марапатталды.
Источник: dknews.kz






