үй Қазақстан жаңалықтары Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

125
0

398 rob

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

Елорданың Достық үйінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Шырша мерекесіне елордалық этномәдени бірлестіктердің, SOS балалар ауылының балалары, балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері, ерекше қажеттіліктері бар кішкентай астаналықтар, сондай-ақ көпбалалы отбасылар қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

Аниматорлар балаларға арнап қойылымдар қойса, Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар берді.

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

Сондай-ақ балаларды Жаңа жыл мерекесімен Астана қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері құттықтады.

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

«20 желтоқсаннан бастап қаланың түрлі ауданында балаларға арналған көптеген мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бүгін елордадағы Достық үйінде 50 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Мерекені ұйымдастыруға көмектескен демеушілерге алғыс білдіргім келеді. Әр бала жарқын болашаққа ұмтылу үшін ғажайыптарға сенуі керек» Дәурен Бабамұратов

Астанада әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арнап шырша мерекесі өткізілді

Ерекше балалардың бірінің анасы Ақмарал Иманалиева осындай мерекені ұйымдастырған Астана әкімдігіне алғысын білдірді.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды назардан тыс қалдырмай, шырша мерекесін ұйымдастырған демеушілерге алғыс айтқым келеді. Есіктен кірген сәттен бастап бізді жылы шыраймен қарсы алған Достық үйіне өте ризамын. Бүгінгі мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылды», — деді қала тұрғыны.

Источник: dknews.kz