үй Қазақстан жаңалықтары Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

112
0

190 rob

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

2023 жылғы 1 қаңтар күні Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы, Шаруашылық қожалығының 1976 жылы туған малшысы 31.12. күні мал іздеуге шығып, қайтып келмегендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Нәтижесінде аталған азамат 03.01 күні сағат 13 сағат 10 минутта «Қарақұдық» даласынан (жер атауы, аудан орталығынан 85 шақырым) аман-есен табылды. Қалыбай ауылына жеткізілді, Медициналық көмек қажет етпеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

Әрі қарай, 2 қаңтар күні 19 сағат 40 минутта, Қарабұтақ ауылдық округі Жарөткел ауылынан 1967 жылы және 1985 жылы туылған екі ер адамның «Рено Дастер» маркалы жеңіл автокөлігімен мал іздеуге шығып, қайта оралмағандығы жөніндегі ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

Нәтижесінде, 03 қаңтар күні сағат 13 сағат 30 минутта іздестіру-құтқару тобымен аталған азаматтар Ұлғайсын ауылы маңында (аудан орталығынан 180 шақырым) аман-есен табылды. Құтқарушылар көмегімен автокөлік қар құрсауынан шығарылып, Қарабұтақ ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет етпеді.

Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды тапты

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңгі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Источник: dknews.kz