168 Арман

Фотосурет: WTA
WTA рейтингінің 21-ші орында тұрған Елена Рыбакина Аделаидадағы (Австралия) турнирдің екінші айналымында үш сетте Украинадан келген 69-шы ракеткасы Марта Костюкке ұтылды.
Матч 2 сағат 23 минутқа созылды және 7:6 (7:5), 2:6, 3:6 есеппен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Аделаидада Елена финалға жетіп, сол кезде әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Бартиден (Австралия) жеңіліп қалған болатын.
Бұл турнирде қазақстандық Анна Данилина сәтсіз басталды. Жарыстың басында Данилина Ресей өкілі Анна Калинскаямен дуэтте чешкалар Мириам Колодзьежова/Маркете Вондроушоваға 6:3, 5:7, 2:10 есеппен жеңілді.
Мұнда Аделаидада ерлер АТР 250-де Андрей Голубев / Александр Недовесов бірінші айналымда Макс Кресси (АҚШ) / Альбано Оливетти (Франция) — 6:7 (8:10), 6:7 (4:7) ұтылды.
Источник: dknews.kz






