Синоптиктер 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
40 градус аяз, қалың қар жауады. 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Синоптиктер 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін», — делінген Қазгидромет хабарламасында. Түнде Маңғыстау облысында қатты аяз — 25 градус, Атырау облысында қатты аяз — 30 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз — 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында қатты аяз — 40 градус болуы мүмкін. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -28-30 градус болады. Алматыда күн бұлтты, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6 градус аяз болып, күндіз одан да төмендейді. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9 градус болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz



