үй Астанада Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды

79
0

1 568 жүк көлігі шығарылды


                        Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды

Фото: қала әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері аязды күндерге қарамастан қаланы тәулік бойы тазартуды жалғастыруда. Күн сайын екі мыңға жуық жол жұмысшысы шығады, деп хабарлады Elorda.info.

12 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 21 мың текше метрден астам қар немесе 1 568 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,8 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 142 167 ауыр жүк көлеміне тең.

Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін құм-тұз қоспасымен себіледі.

Источник: kaz.elorda.info