үй Қазақстан жаңалықтары Аида Балаева «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасымен шығармашылық білім беру саласындағы ынтымақтастықты...

Аида Балаева «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасымен шығармашылық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

45
0

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасы Елена Шмелевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аида Балаева мәдениет саласына болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың негізі қаланатын шығармашылық мектептермен өзара іс-қимылды жеке пысықтаудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары бейнелеу өнері мектебін қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып, дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша жазғы мектеп ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, Аида Балаева ғылыми-техникалық журнал ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Елена Шмелева ынтымақтастықты дамытудың бірқатар бастамасын ортаға салды. Атап айтқанда, балалар арасынан байқау негізінде іріктелетін бірлескен қазақстандық-ресейлік оркестр құру жөніндегі ұсынысын жеткізді. Бұл ұжымның білікті дирижерлердің қатысуымен гастрольдік қызмет жүргізіп, сапалы музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілуі көзделіп отыр.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру және шығармашылық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады. Сондай-ақ, дарынды жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.


      Аида Балаева «Сириус» федералдық аумағы кеңесінің төрағасымен шығармашылық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: kaz.kazlenta.kz