үй Қазақстан жаңалықтары Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

115
0

307 rob

Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері донор болуға  бастама көтерді. Қайырымдылық шарасын ұйымдасқан түрде әрі ыңғайлы өткізу мақсатымен әскери оқу орнына астаналық қан орталығының қызметкерлері арнайы келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінің 1 курс магистранттарының бұл бастамасы әріптестері тарапынан қызу қолдау тауып, акцияға 100 адам қатысты.

Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

Біз қиын жағдайға тап болып, шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуді шештік. Достарымыз бен жақындарымыздан қан қоры өте құнды ресурс екенін білеміз. Біздің бұл игі бастамамыз адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлесіміз болсын  Мирас Ізтілеуов, Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы подполковник

Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

Қан орталығы қызметкерлері университеттің медициналық қызметімен бірлесіп, оқу орнында барлық санитарлық талаптарға сәйкес келетін қабылдау пунктін ашты. Медициналық мекеме өкілдері атап өткендей, оларды әскери адамдардың белсенділігі таң қалдырды.

Әскерилер қан тапсыру акциясын өткізді

Бір күнде әскери қызметшілер 45 литр қан тапсырды. Донорлардың пікірінше, мұндай акциялар тұрақты негізде өткізіліп тұруы керек.

Источник: dknews.kz