үй Қазақстан жаңалықтары Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

75
0


                Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото: ғаламтордан

Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Алматы, NEGE. «Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі Саясаттану ғылымдарының магистрі.

1995-2002 жылдары — Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
2002-2006 жылдары — Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
2006-2010 жылдары — ҚР Президентінің Іс басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.
2011-2013 жылдары — ҚР Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.
2013-2014 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
2014-2017 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.
2017-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.
2018-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.
2019-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.

«Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталған.

Источник: nege.kz