үй Қазақстан жаңалықтары Петропавл қаласындағы «Магнум» сауда орталығында болған өрт сөндірілді

Петропавл қаласындағы «Магнум» сауда орталығында болған өрт сөндірілді

128
0

130 rob

Петропавл қаласындағы "Магнум" сауда орталығында болған өрт сөндірілді

2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 10.44-те 101 телефонына Петропавл қаласындағы 2-қабатты «Магнум» супермаркетінің 1-қабатында орналасқан сауда бутигіндегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Бұл сауда үйі адамдар көп жиналатын объект болып табылатындығын ескере отырып, оған жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Петропавл қаласындағы "Магнум" сауда орталығында болған өрт сөндірілді

Петропавл қаласындағы "Магнум" сауда орталығында болған өрт сөндірілді

Алғашқы өрт сөндіру көліктері келіп жетіп, дереу өртті жоюға кірісті.

Петропавл қаласындағы "Магнум" сауда орталығында болған өрт сөндірілді

Өрт сөндірушілердің уақтылы келуі мен келісілген әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес тығыз орналасқан сауда нүктелеріне одан әрі таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру қатты түтінмен қиындады. Өрт 11.28-де оқшауланып, 12.04-те жойылды. Қаза тапқандар мен мен зардап шеккендер жоқ.  Себебі мен залалы анықталуда.

Петропавл қаласындағы "Магнум" сауда орталығында болған өрт сөндірілді

Өртті жоюға СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамының 37 адамы және 12 техника бірлігі қатысты. Өрттің ауданы 30 шаршы метр.  Сауда орталығының ғимараттарынан 250 қызметкер мен нысанға  келушілер эвакуацияланды. Психологиялық қызмет тобының қызметкері эвакуацияланғандардың бір бөлігімен стресстік жағдайды жою бойынша жұмыс жүргізді. Олар өрт сөндіру қызметінің вахтасына және жақын маңдағы кафеге жылыну үшін орналастырылды, онда оларға  ыстық шай ұсынылды.

Источник: dknews.kz