
Фото: stan.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.
Алматы, NEGE. «Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым», — деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалған.
Источник: nege.kz






