Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы — Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттар алдында сөйлеген сөзінде. Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды: 2022 жылғы республикалық референдумда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді Президент 15 емес, он депутатты тағайындайды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша. Еске салайық, бір күн бұрын Президент жарлығымен 13 сенатордың өкілеті тоқтатылған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz


