Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, — деп хабарлайды
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция мәліметінше, елордада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттер басшылары қатысатын ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты департаменттің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. «31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр», — делінген хабарламада. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан өтіп жатқан шараларға түсінікпен қарау сұралды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






