Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарға кірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: depositphotos.com Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарға кірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Талдау барысында Алматы облысының прокурорлары мектептерде (452 информатика кабинеті) тыйым салынған немесе ұсынылмайтын мазмұндағы контентті оқушылардың еркін көру дерегін анықтады. «Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицидтік және порнографиялық сайттарға кіргені анықталды. Тексеруден кейін облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мұндай сайттарға интернетке кіруге шектеулер орнатылды», — деді прокурорлар. Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызымен аталған 8 интернет-ресурс соттармен заңсыз деп танылып, республика бойынша таратылуы шектелген. 48 мектеп қызметкері жауапкершілікке тартылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






