үй Әлем жаңалықтары Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

96
0

230 rob

Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

Фотосурет: ҚР СІМ

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді.

Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

Айта кететін жәйт, ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

Газа секторы: Қазақстан өз азаматтарына жанжал аймағында қалай көмек көрсетеді

Біздің барлық азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.​​​​​​​

Источник: dknews.kz