үй Қазақстан жаңалықтары Тазалық акциясы: Ордабасына 500-ден астам ағаш отырғызылды

Тазалық акциясы: Ордабасына 500-ден астам ағаш отырғызылды

102
0

226 rob

Тазалық акциясы: Ордабасына 500-ден астам ағаш отырғызылды

Фотосурет: Түркістан облысының әкімдігі

Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» ұстанымымен тазалық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға біріктіру, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осындай шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Тазалық акциясы: Ордабасына 500-ден астам ағаш отырғызылды

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға әкімдікке қарасты барлық мекемелер мен ұжымдары қатысып, белгіленген орындарға көшеттер отырғызды.

Тазалық акциясы: Ордабасына 500-ден астам ағаш отырғызылды

Сондай-ақ тазалық шарасы барысында Темірлан – Шымкент автожолының Арыс өзені бойындағы жол жағалауына тал егілді. Жалпы акция аясында 50-ден астам мекеме қызметкерлері аудан орталығына 550 түп терек көшеттерін отырғызды.

Тазалық шарасына ауылдық округтер де біркісідей атсалысып, ауыл-аймақты күл-қоқыстан тазартып, ауыл ішіне ағаш көшеттерін екті.

Источник: dknews.kz