Алматыдағы "Сергек" камералары соңғы үш жылда қанша ақша әкелгені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Алматыдағы «Сергек» камералары соңғы үш жылда қанша ақша әкелгені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның мөлшері қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. Мәслихат сессиясында Алматының цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабектің айтуынша, «Сергек» жобасының нәтижесі оң және «әлеуметтік-экономикалық тиімділік бар». «2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Сергек» жол қозғалысы ережесі бойынша 4 миллион 996 мың 691 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді. 35 миллиард 614 миллион 748 мың теңге айыппұл салынды. Жергілікті бюджетке 27 миллиард 532 миллион 297 мың теңге өндірілді», — деді Жаңабек. Сондай-ақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 17 пайызға төмендеді, жолдардағы өлім-жітім 40 пайызға төмендеді, жараланғандар саны 30 пайызға төмендеді. «Алматы жол қозғалысы қауіпсіздігінің және талдауының интеллектуалды жүйесі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қалада барлығы 7900-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылған. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






