үй Қазақстан жаңалықтары МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

87
0

184 rob

МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенатор Бекболат Орынбековтың төрағалық етуімен Сенатта «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың мониторингі жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңестің жұмысын ашқан сенатор Орынбеков бұл алаң мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жетілдірудегі жүйелі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылғанына тоқтала келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта кешенді жоспар әзірлеуді тапсырғанын атап өтті.

МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

«Еліміздегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу үшін мемлекет пен бизнеске көмектесу – Кеңестің басты міндеті. Парламент өкілдері ретінде оларды талқылауға және заң шығару қызметі арқылы өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз» Бекболат Орынбеков

Кеңеске қатысушылар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» ҚР Заңының күші жойылды деп тану туралы» жаңа заң жобасына қатысты мәселелерді талқылады.

МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков отырысты қорытындылай келіп, кеңеске қатысушылар «Атамекен» ҰКП мен мүдделі мемлекеттік органдарға жіберетін ұсынымдар әзірлейтінін атап өтті.

МЖӘ жүйелі мәселелері: мемлекет пен бизнеске қалай көмектесуге болады

Источник: dknews.kz