үй Қазақстан жаңалықтары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

89
0

215 rob

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту": БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Фотосурет: ҚР ДСМ

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Сарыөмір ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Медициналық мекеменің ғимараты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде  салынды. Ұлттық жобаның шеңберінде  барлығы 50 медициналық  объектінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда тапсыруға жоспарланған 12 медициналық объектінің 5-еуі пайдалануға берілді.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту": БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Дәрігерлік амбулаторияның қабылдау қуаты күніне 35 адамға дейін, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауылда 22 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту": БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Дәрігерлік амбулаторияға жалпы практика дәрігерінің кабинеттері, емшара, физиотерапиялық, стоматологиялық кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар, дәріхана, дені сау бала бөлмесі және т.б. кіреді.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту": БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 92 млрд теңге бөлінгенін, 5,5 млрд теңгеге 204 бірлік медициналық жабдық сатып алынғанын айта кеткен жөн.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту": БҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Бұдан басқа, облыстық бюджет қаражатының есебінен 1,7 млрд теңге сомасына облыстың денсаулық сақтау жүйесі үшін 81 бірлік санитариялық автокөлік сатып алу жоспарланған, оның 50-ден астамы ұйымға жеткізілген.

Источник: dknews.kz