үй Қазақстан жаңалықтары Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

56
0

138 Awrora

Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

Фотосурет: Семей қаласының әкімдігі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов  мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 26 отбасына Ұшақтар  кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әр үйдің жалпы ауданы 80-100 шаршы метрді құрайды, үйлер жылыту пештерімен толық қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ауласында бау-бақшаға арналған арнайы бос орын бар.

Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

Құрылыс компаниясының басшысы Айдын Бухаровтың айтуынша, тапсырыс беруші Семей қаласының әкімдігі үйлердің сапасын аптасына екі рет тексеріп, кірпіштің әр қатарының қалауын қарап, құрылыстың барлық кезеңдеріндегі, жұмыстардың сапасын тексерді.  

Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

«Біз отандық материалдарды — жергілікті силикат пен Қарағандыдан шығатын ағаштарын қолдандық. Өз ісін білетін білікті мамандар процесті бақылап отырды. Шынымды айтсам, әкімдік тарапынан бақылау өте қатал болды. Біз көп жылдар бойы құрылыс жүргізіп келеміз, бірақ бұған дейін мұндай қадағалауды жүргізгендері есімде жоқ»  «Айдын и Ко» ЖШС басшысы Айдын Бухаров

Сатып алу құқығынсыз: Семейдегі 26 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды

Айта кетейік, Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылы 211 пәтер беру жоспарланған, оның 92-сі көпбалалы отбасыларға арналған.

Источник: dknews.kz