Сенбіде Қазақстанның түкпір-түкпірінде техникалық қызмет көрсету үшін теледидар мен радио өшіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
pixabay Сенбіде Қазақстанның түкпір-түкпірінде техникалық қызмет көрсету үшін теледидар мен радио өшіріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазтелерадио» мәліметіне сілтеме жасап. «2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады», — делінген хабарламада. Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабарланды. «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






