Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, —
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева құжат депутаттардың бастамасымен әзірленгенін жеткізді. Заң жобасы мыналарды көздейді: «Бұл Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қатысты: Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеу. Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы биыл 12 қарашада алынды. Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет балама ұстаным ұсынды. Бірақ мұнымен депутаттар келіспей отыр», — деді депутат Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында. Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. Бұдан кейін Мәжілісте құжат таныстырылады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






