Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен 8 мың қазақстандыққа қатысты талдау жұмыстарын
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен 8 мың қазақстандыққа қатысты талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгіме бірінші кезеңде декларация тапсырған қазақстандықтар туралы болып отыр. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларация тапсырғандар: «Бүгінде келіп түскен ақпарат бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оны бірінші рет алып отырмыз. Нақтылауды қажет ететін тұстары бар. Сондықтан, барлық азаматқа бірден ескерту беріп, айыппұл саламыз деп айта алмаймыз. 8 мың азамат туралы ақпарат алдық, барлығы 570 мыңнан астам адам жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне өтті. Мұнда тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары да бар», — деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






