үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

70
0

266 Awrora

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында Қазақстанның Доха қаласындағы Елшілігі Қатардың құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы және туризм секторындағы жетекші компанияларының басшыларымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Жиын басында сөз алған Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев қатарлық кәсіпкерлерге екіжақты ынтымақтастық бағытында биыл қол жеткізілген ірі жетістіктер туралы ақпарат беріп, шетелдік инвесторлар үшін қарастырылған мүмкіндіктерді таныстырды.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Осы орайда, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Қатар өзара сауда айналымы мен инвестициялар көлемін еселеуге бағытталған бірқатар маңызды іс-шараларды атқарғанын, оның ішінде Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қою арқылы тиісті шарт-құқықтық базаның кеңейтілгенін атап өтті.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Сонымен қатар, Елші А. Исағалиев биыл екі ел басшыларының үш рет кездесуі қатынастардың жоғары деңгейі мен өзара тиімді стратегиялық серіктестікті өрістетуге деген ортақ ниеттестікті байқататынын атап өтті.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Кездесу барысында Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаларды іске қосуды бастаған қатарлық компания басшылары елдегі қолайлы инвестициялық климат туралы баяндап, өз тәжірибелері мен жұмыс барысы туралы баяндап берді.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Атап айтқанда, Қазақстандағы құрылыс нарығының қарқынды дамуы, ауыл шаруашылығы саласындағы мол әлеует және ақпараттық технологиялар бағытындағы жетістіктер бойынша ашық диалог орын алды.

Қазақстан мен Катар: инвестицияларды ұлғайту және бизнес-әріптестік

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан қатарлық компанияларға еліміздің заңнамасы, салық жүйесі, көлік-логистикалық бағыттары және басқа да мәселелер бойынша толық ақпарат берілді.

Источник: dknews.kz