үй Қазақстан жаңалықтары ҰҚК қазақстандықтан сақ дәуіріндегі алтын бұйымдарды тәркіледі ...

ҰҚК қазақстандықтан сақ дәуіріндегі алтын бұйымдарды тәркіледі Кеше, 10:17

89
0

ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ҰҚК қазақстандықтан сақ дәуіріндегі алтын бұйымдарды тәркіледі
                Кеше, 10:17

ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей тұрғынын ұстады.

«Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz