үй Қазақстан жаңалықтары Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

80
0

254 Awrora

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Фотосурет: Gov

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтында әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Институттың әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл мерекелік шараға 100-ден астам бала қатысты.

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Жаңа жылдық шыршада әскери қызметшілердің балалары әр түрлі ойындар — ойнап, билер — билеп және өздерінің дайындап келген тақпақтарын айтты. Шараға жиналған бүлдіршіндердің барлығы бірдей Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көңіл көтерді.

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Балдырғандар ертегі кейіпкерлерімен бірге бірге ғажайып Айдахар еліне саяхаттап, шыршаны айнала би билеп, шат-шадыман болды.

Салтанатты шарада балалар Жаңа жылдың басты сәні жасыл шыршаны айналып шаттық пен қуанышқа бөленіп, мерекелік қойылымдарды тамашалады. Шара соңында Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге сыйлықтарын тарту етті.

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Институттың әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысы жөіндегі қызметтің бастығы Ляззат Каримова айтып өткендей: «Дәстүрге сай балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырдық. Жаңа жылдық шырша бүлдіршіндерді ертегілер әлеміне еліктірер қызыққа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бүгін бүлдіршіндер шырша шамын жағып мерекені көтеріңкі көңіл — күймен өткізді. Барлық балалар бірге өз өнерлерін көрсетті, түрлі сайыстарға, ойындарға қатысты.

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Осы Жаңа жылдық мерекемізге тәтті сыйлықтарын сыйға тартқан «Мурсалов» компаниясының администраторы Мадина Алиеваға және осы іс-шараға ат салысқан 2 рота курсанттары Султан Ердесов пен Бексултан Абдухалимовқа алғысымыз шексіз».

Әскери институтта әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Источник: dknews.kz