үй Қазақстан жаңалықтары Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

90
0

234 rob

Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балаларына араналған Жаңа жылдық кеш өткізілді.

Әсем безендірілген шырша аясында Аяз ата мен Ақша қар әскери қызметшілер балаларының көңілін көтерді. Мерекелік кеште көп балалы отбасыларға  Орал қалалық әкімдігінің атынан 45 билет тегін таратылса, «Қазақстан халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы бүлдіршіндерге 40 дана Жаңа жылдық сыйлық беріп қуантты.

Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

Осылайша Аяз ата мен Ақша қар Жаңа жыл қарсаңында балалардың жүзіне күлкі сыйлап, қуанышқа бөледі. Мерекелік жиынға қатысушылар мен олардың балаларына демеушілік тарапынан түрлі тәттілер, сыйлықтар табысталды. Бұл іске Орал қаласының әкімдігі, «Қазақстан халық банкі»  акционерлік қоғамы және 5517 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі белсенді атсалысқан.

Ұландықтар жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті

  

Шаттық пен қуанышқа толы мерекелік жиын анимациалық кейіпкерлердің қойылымына ұласты.

Капитан Ертуған Әубакир

Источник: dknews.kz