320 Awrora

Фотосурет: Gov
Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Грузия Парламентінің Мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадземен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.
Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың, оның ішінде екі елдің заң шығарушы органдарының өзара іс-қимылын орнатудың және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудың тиімді құралдарының бірі болып табылатындылығы баса айтылды.
Э.Болквадзе 2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласына іс-сапарының қорытындылары туралы хабардар етті және мәдениет саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосуға дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, депутат жыл сайын Батумида өтетін «Batumi Black Sea Music and Art Festival» музыка және өнер фестивалі аясында Грузияда да, Қазақстанда да өткізілуі мүмкін бірлескен музыкалық фестивальдар ұйымдастыруға ниет білдірді.
Бұдан басқа, Э.Болквадзе дарынды музыканттарды, оның ішінде өскелең ұрпақ өкілдерін екі елде концерттер өткізуге өзара шақыру мүмкіндігін атап өтті.
Источник: dknews.kz






