үй Әлем жаңалықтары Тоқаев Кубаны азаттық күнімен құттықтады

Тоқаев Кубаны азаттық күнімен құттықтады

70
0

202 Арман

Тоқаев Кубаны азаттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады.

Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.

Источник: dknews.kz