Қазақстандық соттарға тұрғындарды үйінен шығару құқығы берілуі мүмкін. Бұл бастама туралы толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
фото: freepik.com Қазақстандық соттарға тұрғындарды үйінен шығару құқығы берілуі мүмкін. Бұл бастама туралы толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігінің апта сайынғы брифингінде Зұлхайыров әйелдер мен балалар құқығын қорғауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған заңнамалық түзетулер туралы айтты. «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру жоспарланып отыр. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа агрессорды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Бұл ретте оған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында өз әрекеті туралы ойлану ұсынылады. Сондай-ақ, сот агрессорды денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуге міндеттеуге құқылы», — деді полиция қызметкері. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы орынбасарының айтуынша, Қылмыстық кодекс аясында мінез-құлыққа осындай ерекше талаптар белгіленеді. Сондай-ақ, Зулхайыров Ішкі істер министрлігінде осы мәселелермен арнайы айналысатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін мамандандырылған бөлім құру жоспары барын еске салды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






