үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық студенттер Түркияда: ИЫҰ бойынша халықаралық пікірсайыс тәжірибесі

Қазақстандық студенттер Түркияда: ИЫҰ бойынша халықаралық пікірсайыс тәжірибесі

52
0

140 Арман

Қазақстандық студенттер Түркияда: ИЫҰ бойынша халықаралық пікірсайыс тәжірибесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің студенттері Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының моделі бойынша халықаралық дебат шарасына қатысуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл жобаны Ыстамбұлдағы «Бейоғлу» жоғары мектебі Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігі мен Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған.

Қазақстандық студенттер Түркияда: ИЫҰ бойынша халықаралық пікірсайыс тәжірибесі

Пікірталастарға қатысушы ҚазҰУ студенттері жан-жақты тәжірибе алып, сапалы жастар көшбасшылығының, теңгерімді білім берудің және тиісті дайындықтан өтудің халықаралық  моделімен танысады.

Қатысушылар үшін бұл өз пікірі мен ұстанымдарын қорғау, шешендік қабілеттерін дамыту, дипломатия мен ИЫҰ жүйесінің негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттарын араб тілінде меңгерудің бірегей мүмкіндігі.

Жобаға қатысушы жастар алған білімдерін, тәжірибелері мен дағдыларын халықаралық жобаларда, дипломатиялық қатынастарға, сондай-ақ ИЫҰ күн тәртібінің маңызды тақырыптарын талқылауға қолдана алады.

Қазақстандық студенттер Түркияда: ИЫҰ бойынша халықаралық пікірсайыс тәжірибесі

Пікірталас 7 қаңтарға дейін жалғасады.

Источник: dknews.kz