үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

47
0

225 Awrora

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Фотосурет: Жетісу akimdigi

Жетісу облысында бірқатар әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жуырда Ескелді ауданында бір күнде бірнеше әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, блокты-модульді конструкциялардан тұрғызылған спорт кешені мен медициналық пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Көкжазық ауылындағы спорт кешенінің ашылуына барған аудан әкімі Елдос Ахметов:

— Жастарды дамытуға бағытталған мұндай игі істердің берері мол. Осындай спорт нысандарынан әлемдік ареналарда топ жаратын чемпиондар тәрбиеленіп шығатынына сенімдімін. Сіздерді осы қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, әр отбасына бейбітшілік пен амандық тілеймін! – деп тілегін білдірді.

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Жалпы бұл спорт кешенінің құрылысына 130 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Qaz Damu Construction» ЖШС орындады. Екі қабатты ғимараттың аумағы 720 шаршы метр. Мұнда волейбол, баскетбол, күрес залдары, сондай-ақ тренажер залы, душ және басқа да қажетті бөлмелер бар. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін шағын волейболдан алғашқы жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Атап өтсек, 2020 жылы Ескелі ауданы Қарабұлақ ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылса, өткен бір жылдың ішінде Өрқусақ ауылында воркауты бар шағын спорт алаңы, ал Сырымбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын. Енді Көкжазық ауылындағы спорт кешенін қатарға қосылды.

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Осы күні Ескелді ауданының Бөктерлі ауылының тұрғындары да қуанышты жаңалыққа куә болды. Ауылда жаңа медициналық пункт ашылды. Мұндағы 180 тұрғынға фельдшер, акушер және медбике медициналық қызмет көрсететін болады. «Бұған дейін медицина мамандары көне, бейімделген ғимаратта отырған еді. Енді ауылдықтар жаңа нысанның салынғанына қуанып жатыр. Бұл қызмет көрсету сапасына жақсартуға үлкен әсер етеді», — дейді бөктерлілік Зейнегүл Ауғанбаева.

Қазақстан ауылдық инфрақұрылымды дамытуда: спорт пен медицинаға арналған жаңа нысандар

Ауданда ветеринария саласы да назардан тыс қалған жоқ. Желтоқсан айының ортасында Жалғызағаш, Қоңыр, Бақтыбай ауылдарында қажетті құралдармен жабдықталған 3 бірденй блокты-модульді ветеринариялық пункт іске қосылған болатын. Сондай-ақ оларға 2 автокөлік бөлінді. Жалпы 2023 жылы Жетісу облысында осындай 24 жаңа блоктық-модульдік ветпункт іске қосылды.

Источник: dknews.kz