үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады? ...

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады? Кеше, 09:22

83
0

Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?
                Кеше, 09:22

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 9,9 пайыз болған.

Ұлттық банк жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халық үлесі 60 пайызға жуықтайды.

Қолма-қол ақша аймақтарда жиі қолданылады:

  • қолма-қол ақшалай төлемдердің 81 пайызы Атырау облысына тиесілі;
  • Павлодарда – 77 пайыз;
  • Батыс Қазақстан бойынша – 74 пайыз;
  • ең азы – Алматыда, 36 пайыз;
  • шағын елді мекендерде (68 пайыз) қалаларға (54 пайыз) қарағанда қолма-қол ақшаны жиі пайдаланады.

«Негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылатынын, сондай-ақ тұрақты интернеттің болуына және смартфондарды пайдалануға тәуелділігін ескере отырып, өңірлерде қолма-қол ақша өзекті болып қала береді.

Сонымен қатар, халықтың 72 пайызға жуығы қолма-қол ақша алу үшін банк картасын пайдаланады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қолма-қол ақшаның халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтайтынын көрсетті», — деп атап өтті Ұлттық банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz