үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Сербия ішкі саяси процестерді талқылады

Қазақстан мен Сербия ішкі саяси процестерді талқылады

58
0

199 Арман

Қазақстан мен Сербия ішкі саяси процестерді талқылады

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Халықаралық саясат және экономика институтының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат әңгімелесушілерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатының негізгі тұстарымен таныстырып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың барысын талқылады.

Қазақстан мен Сербия ішкі саяси процестерді талқылады

Институт директоры Бранислав Джорджевичтің айтуынша, Қазақстанның трансформациялық жолы Сербиялық сарапшылар қауымдастығының қызығушылығын тудырды, осыған байланысты, серб тарапы Қазақстанның академиялық және «талдау орталықтарымен» әріптестікті дамытуға үміттенеді.

Кездесу қорытындысы бойынша, сербиялық шолушыларды Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси процестермен, сондай-ақ ҚР сыртқы саяси басымдықтарымен таныстыруға бағытталған бірқатар практикалық жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Халықаралық саясат және экономика институты 1947 жылы құрылған және халықаралық қатынастарды зерттеуге арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең көне ғылыми-зерттеу институттарының бірі болып табылады.

Источник: dknews.kz