үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Уганда серіктестікті нығайтуға бағытталған

Қазақстан мен Уганда серіктестікті нығайтуға бағытталған

78
0

174 rob

Қазақстан мен Уганда серіктестікті нығайтуға бағытталған

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Эфиопиядағы және Кения Республикасындағы Елшісі, Африка Одағындағы Қазақстан Республикасының тұрақты  өкілі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы  тұрақты өкілі Барлыбай Садықов басқаратын делегация 2024 жылғы 17-20 қаңтар аралығында Уганда астанасында өтетін  Қосылмау қозғалысының Сыртқы істер министрлерінің кеңесі мен мүше мемлекеттердің басшыларының 19-шы саммитіне қатысады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сыртқы істер министрлерінің кездесуі қарсаңында Барлыбай Садықовтың Қосылмау Қозғалысына төрағалықты Әзiрбайжан Республикасын таяудағы үш жылға қабылдап алушы мемлекет Уганда Республикасының Сыртқы істер министрі Абубакеер Джедже Одонгомен кездесуі өтті.

Қазақстан мен Уганда серіктестікті нығайтуға бағытталған

Келіссөздер барысында қазақстандық делегация басшысы Уганда  Сыртқы істер министрін Қазақстанда жүргізіліп жатқан негізгі саяси және экономикалық реформалар, елдің сыртқы саяси ұстанымындағы тұжырымдамалық тәсілдері, халықаралық бастамалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасы (МАББ) туралы таныстырды.

Өз кезегінде А. Одонго қазақстандық тарапқа Қосылмау Қозғалысы Саммитінің жұмысына қатысқаны үшін алғысын айтып, екіжақты және көпжақты байланыстардың одан әрі дамуына сенімін білдірді. Уганда Сыртқы істер министрі МАББ-ты құру туралы бастаманы жоғары бағалап, адамзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бұл ұсыныстың өзектілігін атап өтті және Уганда Республикасының Қосылмау Қозғалысына жаңа төраға ретінде ұйымға мүше елдердің арасында осы бастаманы ілгерілету жолында Уганда өз үлесін қосатынына сендірді.

Қазақстан мен Уганда серіктестікті нығайтуға бағытталған

Жалпы, тараптар екіжақты саяси, экономикалық және  мәдени-гуманитарлық салалардағы екi жақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты практикалық қадамдарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан делегациясы Қосылмау Қозғалысы саммитіне бақылаушы мемлекет ретінде қатысуда.

Қосылмау Қозғалысы – БҰҰ-дан кейін екінші орында тұратын және әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін халықаралық ұйым болып саналады. Қосылмау Қозғалысына бақылаушы ретінде бірқатар мемлекеттер және халықаралық ұйымдар қатарында Африкалық Одақ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Араб Мемлекеттерінің Лигасы және т.б.

Источник: dknews.kz