үй Қазақстан жаңалықтары XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

73
0

170 rob

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

XIV Спартакиада аясында Aspan спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында чемпионат өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

 

Қорғаныс ведомствосының құрылымдық бөлімшелері арасында үстел теннисінен турнирлер ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Мұндай деңгейдегі чемпионат осымен он үшінші рет өтуде. Жарыс спортшыларға ең жақсы қасиеттерін көрсетуге, төзімділік пен жеңіске деген ерік-жігерге тәрбиелеуге мүмкіндік береді Арман Әбеуов

Чемпионат қорытындысына келсек, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері арасында жалпы командалық есепте Заң департаментінің командасы жеңіске жетті. Бас штаб Жедел жоспарлау департаментінің командасы күміс жүлде олжаласа, Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы қола жүлдегер атанды.

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

«Үздік техника» номинациясында Заң департаментінің қызметкері Жанель Ардақ, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» аталымында – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қауіпсіздігін қадағалау департаментінің сержанты Әсел Досова, «Белсенді қатысқаны үшін» – Әкімшілік департаментінің майоры Алена Ақымбекова марапатталды.

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

Қарулы Күштердің бас басқармалары мен басқармаларының арасында бірінші орынды – Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің командасы, екінші орынды – Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың спортшылары еншіледі. Үздік үштікті Әскери полиция бас басқармасының командасы тұйықтады. 

Аталмыш бөлімшелер арасында «Үздік техника» номинациясында Әскери полиция бас басқармасының офицері майор Бауыржан Мұқышев, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясында Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшісі кіші сержант Аружан Әшім марапатталды.

XIV Спартакиада Қарулы Күштердің үздік теннисшілерін жинады

Орталық спорт клубы ұйымдастырған жарысқа 37 команда құрамында 111 спортшы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті.

Источник: dknews.kz