Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артты. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берген. Олар үшін көлік иелері 10 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 миллиард теңгеден асқан. «Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан аса көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді», — делінген хабарламада. 001, 007, 777: Қазақстанда VIP-нөмірлер қанша тұрады? Еске салайық, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






