үй Қазақстан жаңалықтары Астанада түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

Астанада түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

82
0

100 Awrora

Астанада түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада қар тазалауға 1500-ден аса арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 18 қаңтар күні қар тазалау жұмыстарына 2 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2 512 жол жұмысшысы және 1 500-ден аса арнайы техника шықты.

18 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызмет мамандары елордадан 50 мың текше метрден аса қар шығарды, бұл 3 626 ауыр жүк көлеміне тең.

Астанада түнде 50 мың текше метр қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 168 825 рейс, 2,3 млн текше метрден аса қар шығарылды.

Айта кетсек, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Источник: dknews.kz