20 қаңтардағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев 20 қаңтардағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) — 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы — РФ шекарасы – 100 шақырым. «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы — Орал қаласы – 51 шақырым», — делінген хабарламада. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






